Мемлекет басшысы Жолдауда жер қойнауының заманауи картасын әзірлеу туралы тапсырма берді. Бұл жұмыстарды Цифрлық құралдарды пайдалана отырып атқару еліміздегі кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік бермек. Аталған тапсырманы орындайтын мамандар елімізде жеткілікті. Қазір аэрофотогеодезия саласы бойынша маман дайындайтын жалғыз оқу орны Семейде жұмыс істеп тұр.
80 жылдық тарихы бар іргелі білім ошағынан түлеп ұшқан кадрлар елімізден бөлек алыс, жақын шетелдерде де сұранысқа ие. Еліміздегі үздік оқу орны дрондар, ұшақтар және спутниктерден алынған деректер негізінде карталар мен цифрлық рельеф модельдері және ортофотопландар әзірлейтін кәсіп иелерін даярлайды. Сондықтан Қазақстанның жер қойнауының заманауи картасын әзірлеуге отандық мамандар үлес қосуға дайын, дейді сарапшылар.
ЖӘНІБЕК ТҰРҒАЗЫ, ОҚЫТУШЫ
Президентіміздің айтқан сөзімен тікелей біздегі даярлайтын техник картограф біліктіліктерін байланыстыруға болады. Карталарды сандық түрінде жасай аламыз. Былайша айтқанда электронды нұсқасын. Соны жасап, қашықтан зондтау арқылы өңдеп шығаруға болады. Шет елдік азаматтарға, көрші елдерге сұраныстың қажеті жоқ. Себебі ол мамандарды біз өзімізден-ақ шығарып, сұранысты толықтай қамтасамсыз ете аламыз.
Иә, цифрландыру, білім беру және кадрларды сапалы даярлау мәселесі Президент Жолдауында белгіленген негізгі бағыттардың бірі. Бұл ретте ұстаздар қауымының алар орны ерек. Олар мемлекет алға қойған стратегиялық мақсаттарды өскелең ұрпаққа жеткізетін маңызды байланыстырушы буын.
АЗАМАТ АЗАТОВ – САЯСАТТАНУШЫ
Президенттің мына халыққа жолдауында ерекше ұнаған тұсы жолдаудың бастан аяғына дейін цифрлы технологияларға, яғни қазіргі замана көшіне ілесіп. Қазақстанның цифрлық дамудың алдынғы көшіндегі ел болуына арналған міндеттерге тоқталғандығы өте жақсы.
Жер қойнауының цифрлық картасын жасау, жаңа технологияларды енгізу, кадрларды сапалы даярлау және инфрақұрылымды дамыту – мұның бәрі қуатты және тәуелсіз Қазақстанды құруға бағытталған бірыңғай стратегиялық бағытты қалыптастыратыны анық.
ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК