Көкпекті ауданында облыстық бюджеттен бөлінген 187,8 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін бірнеше ауылдың көшелері жарықтандырылады. Тассай ауылына кіреберістегі көпірді жөндеу жұмыстары басталды. Оған облыстық бюджеттен 193,7 млн. теңге қарастырылған. Жеке инвесторлар есебінен ауданда құрылыс саласы да қарқын алып келеді. Оның дәлелі – жеке балабақша мен қонақ үйдің салынуы.

Көкпекті ауданында жалпы құны 17,6 миллиард теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жобалар жүзеге асса 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Аудандағы өзекті мәселенің бірі - халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырғаны белгілі. Бұл ретте биыл өңірде 33 жобаға 15,8 миллиард теңге бөлінді. Облыс әкімі желілерді қайта жаңғырту жалғасып жатқанын, тіршілік нәрімен қамту кезеңімен шешілетінін жеткізді.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Су құбырларының да тозығы жетіп тұр. Облыс бойынша желілердің жалпы ұзындығы – 3 687,9 шақырым, оның 181 шақырымы Көкпекті ауданына тиесілі. Облыста су құбырларын қайта құру үшін 36 жоба іске асырылуда. Оның ішінде Ақой ауылында су құбырларын ауыстыруға 324,5 млн. теңге бөлінді.

Облыста биыл 358 шақырым жол қайта жаңартылады. Көкпектіде аудан орталығындағы көшелерге асфальт төселеді. Тассай ауылына кіреберіс көпір жөндеуден өтуде. «Үлкенбөкен - Көкжайық - Үлгілімалшы» жолы да жөнделуде. Кездесуде аймақ басшысы көкпектілік тұрғындадың талап – тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Көтерілген мәселелер кезеңімен шешіледі, деді.

КӨКПЕКТІДЕ ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНУДА

Тұрғындармен жүздесуден кейін облыс әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан 100 орындық балабақшының құрылысын көрді. Жоба құны - 280,6 миллион теңге. Қазір құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталды. Нысын қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын уақытында және сапалы болуын тапсырды. Бұдан бөлек, Берік Уәли жеке кәсіпкер салып жатқан қонақ үй кешенімен танысты. Қонақ үйдің құрылысына 310,9 миллион теңге қарастырылған.

МАРАТ ҚАБАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қонақ үй құрылысы биыл басталды. Мұнда 10 стандартты бөлме және 1 VIP бөлме орналасатын болады. Жалпы алаңы – 1 400 шаршы метр. Жоба құны – 310 миллион теңге. Жобаның инициаторы – «Сервисстрой» компаниясы. Сонымен қатар, бұл жерде ойын-сауық орталықтары, балалар орталығы, спорттық орталықтар да болады. Құрылыс аяқталған соң және нысан пайдалануға берілгеннен кейін 10 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл қонақ үй туристердің көптеп келуіне мүмкіндік береді. Себебі, мұндай заманауи қонақ үй болмаған».

Республикалық маңызы бар күре жолдың бойындағы аудан үшін осындай нысандар өте қажет, деген облыс әкімі құрылыстың қарқынын жоғалтпауды тапсырды. Ал Көкпекті аудандық ауруханасының кіреберіс блогы биыл күрделі жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау мекемесінің сырт келбеті де жаңа кейіпке енген.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жақсы. Құтты болсын! Әдемі. Заманауи, жақсы. Алғаш келген кезде мына жер, кіре берісі лестницасы тік. Мына машина шығатын жері тар.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп - өңірдегі іргелі білім ордасының бірі саналады. Білім ошағы 1989 жылы бой көтерген. Өткен жылы мектеп «Ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасымен күрделі жөндеуден өтті. Қазір мектепте 55 педагог жұмыс істейді. Оның 13 осы мектептің түлектері. Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, математика пәнінің мұғалімі Нұрлан Кұмарбекұлы да бар.

НҰРЛАН ҚҰМАРБЕКҰЛЫ, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Болашақ бағарламасын 2025 жылы тамамдаған болатынмын. Осы туған ауылымызға қайтып келіп отырмыз. Өйткені, өзіміздің өңірімізді өзіміздің түлектер көтермесе, басқа жақтан келетін ешкім жоқ. Сондықтан, қазір сабақ кезінде жаңадан ойын методикаларын қолдана отырып, балаларға математиканы нақты, жеңіл түсіндіруге тырысамын.

Айтпақшы, тұрғындар кездесуде мектепке жаңа автобус қажет деген еді. Әкім ол мәселе қысқа мерзімді шешіледі деді. Аудан орталығындағы «Көкпекті Толағай» балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін бар. 2024 жылы жылу қазандығы ағымдағы жөндеуден өткен. Бөбекжай қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Өңір басшысы ұжыммен кездесіп, балалардың өнерін тамашалады.

АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖАҚСАРУДА

Бұл - Шәріптоғайдағы медициналық пункт. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырут» ұлттық жобасы аясында салынған. Биыл пайдалануға берілді. Мұнда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Берік Уәли ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуы маңызды екеніне ерекше тоқталды.


ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ