«Әр аймақта дайын өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай біртұтас желі қалыптасуы керек». Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осылай деді. Семейдің іргесіндегі «Агрофирма Приречное» Президент айтқан осы үдеден шығатын облыстағы іргелі шаруашылық. Облыс әкімі Берік Уәли агрофирманың алқаптарын аралады. Күзгі жиын – терімнің жайын көрді. Өңірдегі азық - түлік белдеуін қалыптастырып отырған агрофирма жұмысын әріптесім Ерзат Жанатұлы тарқатып айтсын.
Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – уақыт талабы. Ол үшін озық агроэкономикаға көшу ләзім. Оған Үкіметтің нақты жоспары болуы керек. Жолдауда Мемлекет басшысы осыны тапсырды. «Агрофирма Приречное» - мал және өсімдік шаруашылығын қатар дамытып отыр. Мұнда 3 мыңнан астам ірі қара бар. Қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымын өсіреді. Аймақ басшысы жайылымдағы малдың күйін көрді. Қазір күзгі науқан қызып тұр. Шабындыққа шалғы түсіпті.
«Шөп қалай? Мынау суданка, міне. Енді шабылмайды. Осымен қалады енді. Жайылым ғой мынау. Жайылым. Күзде келген мал да жайылады. Екі рет шауып алды ғой».
Күзгі өнім – қыстық азық. Облыс әкімі көкөніс алқаптарын аралады. Сарымсақ міне, мынадай. Үлкендері қос алақанға әзер сияды. Сәбіздің де сорты басқа тәрізді. Күтімі жақсы болғаны көрініп тұр. Ал мынау қырыққабаттың үлкендері. Салмағы 4-5 келі тартады. Картоптан да таршылық көрмейміз. Биыл өнім мол.
Шаруашылықтың егістік жер көлемі 7 мың гектарға жуықтайды. Биыл 1 800 гектардай жерге көкөніс және мал азығына қажет дақылдар егілген. Тіршілік нәріне ысырап жоқ. Суармалы егіншілікке көңіл бөлінуде. Қазір 36 әртүрлі заманауи суару қондырғысын қолданады. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін негізге ала отырып, қосымша 600 гектарға суару жүйесі енгізілді. Өнімдер делдалсыз, тұрақтандыру қоры арқылы дүкендерге тікелей жеткізіледі. Сондықтан, азық – түліктен тапшылық болмуы тиіс.
МҰХИТ ТҰМАБАЕВ, «АГРОФИРМА ПРИРЕЧНОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Биылығы жылы мысалы, Семей халқына бәрі дайын. Енді, бұл, мынау уборканы сол октябрьдің 25-не таман бітіреміз. Сол ноябрьдің 1-нен бастап бере бастаймыз. Ноябрьдің 1-нен бастап майдың 1-не дейін беріледі ғой. 6 ай. Қаланың тамағы дайын. 100 теңге бағасы. Біз апарып магазинге кіргізіп береміз. Енді қазір базарда біліп отырсыз ғой, қанша екенін. Сондықтан да, ол халыққа үлкен көмек.
Мемлекет басшысының «Үлкен қалалардың жанында азық-түлік белдеуін қалыптастыру керек» деген тапсырмасы өңірде осылай жүзеге асуда. Жолдауда Президент үздік агрокәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап оны терең өңдеуге дейін тұтас өндірісті толығымен жолға қоюы керек, деді. Бұл ретте шаруа қожалығы алдағы уақытта 5 мың басқа арналған бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр.
Берік Уәли бордақылау алаңының алғашқы қазығын қақты. Жалпы құны 4 млрд. теңгені құрайтын жоба келесі жылы аяқталады. Мал семіртетін алаң мына жазыққа салынады. Айта кетейік, күй жинаған ірі қаралар Шақаманда салынып жатқан ет өңдейтін кешенге жөнелтіледі.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біздің келесі жылы пайдалануға берілетін Семей ет комбинатының былайша айтқан кезде, малды дайындау, шикізатын дайындап жатырмыз ғой. Бұл енді, былайша айтқан кезде өрістен дүкеннің сөресіне дейін қағидатымен жұмыс жасайтын нағыз азаматтарымыз.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да агроөнеркәсіпті дамытуға ерекше тоқталды. Семейдің іргесіндегі шаруашылық Президент айтқандай, азық-түлік белдеуін қалыптастырып, тұрақтандыру қоры негізінде қаланы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отыр. «Мұндай үлгілі шаруашылықтар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Жаңа технологияларды енгізумен ерекшеленетін шаруашылықтың озық тәжірибесін басқа да шаруа қожалықтарына үлгі етіп, енгізуіміз қажет», деді облыс әкімі.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өздеріңіз көрдіңіздер жаңа, бүкіл жем – шөп жинау алаңын көрдік, барлығы, көкөністер, анау қаншама пияз, картоп, жүгері, сәбіз барлығын өндіріп жатыр екенсіздер. Мұның барлығы Президентіміздің айтып жүрген осы үлкен қалалардың айналасында азық – түлік белдеуін қамтамасыз ету, сол саясатқа да сай келіп тұр. Одан кейін мынау азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оған да келіп тұр.
Аймақ басшысы көкөністер сақталатын қойманы, заманауи техникалармен жабдықталған автопаркті аралап көрді. Өнімдер сыйымдылығы 14 мың тонна болатын осындай жеті қоймада сақталады. Кәсіпорында 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ