Жаңа саябақтың жалпы көлемі - 7 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстары биыл 15-ші маусымда басталған. Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының барысын көріп жаңа аллеяны жоспарға сай, уақытында қолданысқа беруді тапсырды.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жақсы, гүл егесіңдер ғой? Фонтандар жерден шығатын ба? Жақсы, балалар ыстық күнде келіп тұруына болады. Бағасы да жақсы екен, жақсылап жасаңдар!
Бос қоғамдық кеңістікте балалар алаңы салынған, енді жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, орындықтар, жарық шамдары мен гүлзарлар және субұрқақ орнату көзделген. Көпшілік көптен күткен жаңа саябақтың салынуы жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш.
СОВЕТ ЖӘЛЕЛБЕКОВ, АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін міне кеп тұрған жеріміз, аллея салынып жатыр. Халыққа өте қажетті нәрсе, өте ризамыз.
БОЛАТ ОРАЗҒАЛИ, АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Берік Уәлиұлы біздің ауданымызға жақсы көмектерін жасап жатыр. Ал аудан әкімі ол кісінің сенімінен шығып, халық риза болатын істер атарып жатыр. Көптеген жаңа құрылыстар, 7 жылдай шешілмей келген мәселе ауданымызға екі мектеп салынатын болды. Біреуі Ақсуаттың орталығына, екіншісі Екпін ауылдық округінде бой көтереді.
Аймақ басшысы аллеяны аралап көрген соң ауыл тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Бір күнде 100 түп шырша және қарағай көшеттері егілді. Жаңа саябақ қазан айында қолданысқа беріледі.