Абай облысының әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданындағы бірқатар елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Көктүбек, Сәтбаев ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, шалғайдағы Қызылкесік және Үштөбе ауылдарында да болды. Аймақ басшысы тұрғындардың мәселелерін тыңдап, аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
Аймақ басшысы алдымен Көктүбек және Сәтбаев ауылдарында болды. Аудан орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан Көктүбек ауылында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа медициналық пункт салынып, биыл пайдалануға берілді.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Барлығын сапалы жасап, ауыл халқына табыс етіп тұрмыз. Игілігіне көрсін! Күтіп ұстаңыздар.
Облыс әкімі Сәтбаев ауылына да барып, елдің жай-күйімен танысты. Тұрғындар интернет желісінің тартылғанына риза, бірақ ауылдағы клубтың жағдайы алаңдатады. Жаңа мәдениет үйі қажет. Берік Уәлиұлы ауылға жанашыр азаматтар мен демеушілер бас қосып, туған жерді өркендетуге атсалысу керек екенін жеткізді.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мықты ауылдан шыққан азаматтардың басын қосып, «туған жерге туыңды тік» деп, осындай шағын 100 орындық клуб салдырып аламыз десеңіздер тек қана біз қуанамыз. Әр азамат өзінің туған жеріне туын тігіп, патриот болу керек қой.
Сондай-ақ, Берік Уәлиұлы Қызылкесік және Үштөбе ауылдарында болып, жергілікті халықтың көтерген мәселелерін тыңдады. Облыс әкімі Қызылкесік ауылындағы балабақшаның жай-күйімен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.
75 бала қамтылып отыр, қазір үш топ жұмыс істеуде. 24 қызметкер бар.
Ал Үштөбе ауылы аудан орталығынан 160 шақырымда орналасқан. Елді мекен Ақсуаттан шалғайда. Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі – ауыл шаруышылығы. Бұл бағытта да мәселе аз емес, - дейді көпшілік. Саладағы түйіткілдер жайлы мемлекет басшысы өз Жолдауында да айтқан еді. «Ветеринария мен фитопатологияның кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отыр. Осы мәселеге айрықша назар аударған жөн», - деді ол. Ауыл халқы мал иесіне қажет анықтама берілетін арнайы ветеринарлық пункітінің қажет екенін жеткізді.
Біздің барлық табысымыз тек малмен келеді. Бірақ біз осы малды дұрыс сата алмаймыз. Бізде осының бәрін реттеп отыратын оператор жоқ. Оны бермейді.
Жақсы, оны істейміз. Интернет бар екен. Бір точка ашып бере аламыз. Шешілді.
Берік Уәлиұлы кездесу барысында талқыланған «Қызылкесік – Үштөбе» бағытындағы жолға асфальт төсеу, интернет орнату мәселелері де назардан тыс қалмайтынын айтты. Сапалы интернет желісі биыл тартылмақ. Ал жол мәселесі біртіндеп шешіледі, - деп уәде етті аймақ басшысы.
ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК