Ақынның мерейтойына арналған шаралар қатарында қолөнершілер көрмесі де бар. Бүгін Тайқазан мейрамханасында Қазақстан, Қырғызстан қолөнершілері бас қосты. Онда ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, ағаштан, теріден жасалған тұрмыстық заттар, өзге де көз тартарлық өнер туындылары қойылды.
Көрмеде Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Көкшетау қалалары мен Абай облысының этнодизайнерлері, қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынды. Сонау Қырғызстаннан да шеберлер арнайы келген. Көздің жауын алатын ұлттық киімдер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ағаш пен темірден, жасалған бұйымдар, ою-өрнектер бабалар дәстүрінен сыр шертеді. Бұл – халықтың бай мұрасын танытатын ерекше мәдени оқиға болды.
МАЛИКА ҚОЖАМЖАРОВА, ЖОБАНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ
Бұл көрме бізде Абай атамыздың 180 жылдығымен ұштасып келіп отыр. Республикалық деңгейдегі үлкен оба болып отыр. Қазақ көрме жалпы 4 мәрте өткелі жатыр. Бұнда Қазақстанның түпкір түпкірінен дизайнерлер келіп отыр. Тек қана киім дизайнерлері емес, қолөнершілер де қатысады. Тек қана отандық, қазақстандық брендтер қатысып жатыр. 14 қатысушы бар бүгін. Ең бастысы Қырғызстаннан қонақ болып келіп отыр.
Жобаның мақсаты – қазіргі заманғы дизайнерлік шешімдер арқылы қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық болмысын жеткізу. Қатысушылардың қатарында – Шымкент қаласынан келген дизайнер Ұлжан Мекембаева бар. Ол өз жұмыстарын дәстүрлі киім элементтерін заманауи сән бағыттарымен ұштастыруға тырысады.
ҰЛЖАН МЕКЕМБАЕВА, ДИЗАЙНЕР, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ
Бізде заманауи киім, оның ішінде шапандар, ұзатуға арналған көйлектер, көрсеттер, әр түрлі бүйымдар бар, барлығы заманауи киімдер. Нақты коллекциямда 10 шақты бүйым бар. Бүгін көрмеде бәрін көрсететін боламыз. Біз әсіресе Италия бағытымен жұмыс жасаймыз. Семей қаласында біздің тұтынушыларымыз бар екен , тұтынушылар болғандықтан Семей қаласынан шақыру келген, біз келдік.
Бұл көрме тек ұлттық өнердің сан қырын насихаттап қана қойған жоқ, мәдени мұраны сақтап жүрген шеберлерді де біріктірді. Айта кетейік, көрме 3 күн жалғасады.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА