«Jas Keñes Sıylığı» - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады. Міне осы байқауға қатысқысы келетіндер 20 шілдеге дейін тиісті құжаттарын өткізуі керек.
Демеушілер қолдауымен қаржылай бәйге тігілген іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Сыйлыққа үміткер болу үшін Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған азаматтары қатыса алады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл байқауға жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустрия және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕН – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ортақ сыйақының толық көлемі 20 млн теңге. Әр бағыттан 2 адам таңдалады. 2 жеңімпаз. Қазір құжат тапсырса, құжат тапсырып болғаннан кейін біздің комиссия мүшелері толығымен тәуелсіз. Ешкімге хабарласып қажеті жоқ. Толығымен тәуелсіз. Ол еш жерде жарияланбайды кім мүшесі болатыны. Солар әр құжатты қарап шығады.
Ұйымдастырушылар биылғы жылы аталымдар санын 7-ден 10-ға дейін кеңейтті. Олардың қатарында «Janqıarlyq», «Altyn jürek», «Önerkäsıp», «Bolaşaq turaly qamqorlyq», «Bılım jäne Ğylym», «Qaisar», «Altyn qol», «Zharyq», «Örken», «Örleu» сынды аталымдар бар. Сыйлықтың бас серіктесі және демеушісі – Brave Talents компаниясы.
ОЛЖАС БЕЙСЕМБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
«Жас Кеңес» сыйлығының алатын орны ерекше. Бұл шынымен басшылық лауазым атқармайтын қатардағы жұмыс істеп жүрген, адал еңбегімен көрінген азаматтарға арналған үлкен мүмкіндік. Өйткені, бюджеттің ақшасын жұмсамай, демеушілердің қолдауымен түрлі салада, күнделікті жұмыстарда 01:46+01:56 осының барлығын қамтыған кезде Президенттің айтып отырған «Адал азамат» принципіне қажетті, солардың еңбегін көрсетуге, бағалауға арналған әділ конкурс деп айтуымызға болады.
Сыйлық пен кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан білуге болады. Әр саланың қызметкерлеріне қолдау білдіріп, абыройын арттыруға бағытталған байқауда бағыңызды сынаңыз.
Ермек Исабаев