«Таза Қазақстан» бір жолғы науқан емес. Ол үшін арнайы ұйымдасудың да қажеті жоқ. Қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінген әр азамат өзінің айналасындағы тазалық жұмысына үлес қоса алады. Бүгін Семей балық инспекциясы колледж студенттерімен бірлесіп, қаламыздағы су айдындарының бірінде сенбілік өткізді.


Ертістен енші алып, қатты ағыстан қалтарыста қалған бұл аймақ қаламыздың Затон ауданында орналасқан. Жаз болса жағасынан адам арылмайды. Суға қармақ тастап, балық аулайтындарды да жиі кездестіруге болады. Жұмыстары өзен, көл, су айдындарымен тікелей байланысты балық инспекциясының қызметкерлері бүгін сенбілікке шығып, жағажайды қоқыстан тазартты.


Тілеубек Қоңырғазин- Семей балық инспекциясы бөлімінің бас маманы


Мына жерге қоқысты Павлодардан, Өскеменнен әкеп тастап жатқан ешкім жоқ. Мына араға келіп демалушылар Семей қаласының тұрғындары. Мына арада отыратын өзіміз. Сондықтан да өзіміз отыратын жерді, өзіміз тұратын жерді ластамауға шақырамын. Қоқысты біреу тазалап беруге міндетті емес.


Бас маманның айтқан сөзінің жаны бар. Қаланың ортақ екендігін ескерсек, оның тазалығына баршамыз бірдей жауаптымыз. Сенбілікке шыққан инспекция қызметкерлеріне еріктілер ұйымының 20 студенті атсалысты. Назгүл Имаханов- Азаматтық қорғау жоғары колледжі директорының орынбасары Бас маманның айтқан сөзінің жаны бар. Қаланың ортақ екендігін ескерсек, оның тазалығына баршамыз бірдей жауаптымыз. Сенбілікке шыққан инспекция қызметкерлеріне еріктілер ұйымының 20 студенті атсалысты. Назгүл Имаханов- Азаматтық қорғау жоғары колледжі директорының орынбасары

Бас маманның айтқан сөзінің жаны бар. Қаланың ортақ екендігін ескерсек, оның тазалығына баршамыз бірдей жауаптымыз. Сенбілікке шыққан инспекция қызметкерлеріне еріктілер ұйымының 20 студенті атсалысты.


Назгүл Имаханов- Азаматтық қорғау жоғары колледжі директорының орынбасары


Бас маманның айтқан сөзінің жаны бар. Қаланың ортақ екендігін ескерсек, оның тазалығына баршамыз бірдей жауаптымыз. Сенбілікке шыққан инспекция қызметкерлеріне еріктілер ұйымының 20 студенті атсалысты.

Назгүл Имаханов- Азаматтық қорғау жоғары колледжі директорының орынбасары


 «Ашық жүрек» еріктілер ұйымы жыл сайын тазалық акциясына, құқық қорғау органдарымен біріккен акциялардың барлығына бір кісідей қатысып, әрқашан өзінің күш-жігерлерін көрсетіп жатады. Негізі тазалық әрбір адамның өзінен басталуы керек деп ойлаймын.


Осылайша балық шаруашылығының мамандары су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу арқылы мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыхалықтық шараға қолдау білдірді. Студенттермен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде 1 жарым тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигонға жөнелтілді.


Дәл қазір мен тұрған жерге санаулы күннен кейін жанына сая іздеп суға шомылушылардың қатары артады. Бір өкініштісі – солардың көпшілігі тазалықты сақтамай, қоқысты шашып кететіні жасырын емес. Бүгінге сіздер үшін бұл маңды сенбілікке шыққандар тазалады. Бірақ, өзіңіз демалған жерді өзіңіз жинағаныңыз абзалырақ болар еді. Қоршаған ортамыздың таза болуы кімге жаман?


Ермек Исабаев