Әлемді алаңдатқан өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Қазір осымен күрес жүргізуде елімізде түрлі шаралар қолға алынуда. Соның бірі – комплаенс қызметі. Көпшілікке бейтаныс болғанымен бұл қызметтің атқаратын шаруасы аз емес. Бүгін қаламызда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс" тақырыбында біліктілікті арттырудың 3 күндік семинары басталды.


Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалы ұйымдастырып отыр. 3 күндік семинарға квазимемлекеттік сектор ұйымдарының мемлекеттік қызметшілері мен комплаенс қызметкерлері шақырылған. Тыңдаушыларға сарапшылар мен тәжірибелі лекторлар дәріс оқуда.


НӘЗИГҮЛ ҒАЗИЗОВА - ЛЕКТОР
Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көпшілігі түсінбей жатады.. пара беру және пара алу, делдал болудың аясында ғана қалып қойып жатады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың нысандарына жеке-жеке тоқталып, соларға талдау жасалып және комплеанс офицерлерінің әдеп нормалары туралы айтылатын болады.


 Комплаенс-офицерінің қызметі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу. Абай облысы бойынша

87 кәсіпорын мен ұйымдарда комплаенс қызметтері бар, олардың 7-еуінде комплаенс офицердің жеке дара штаттық бірлігі бөлінген. Ал қалғандарында әзірге комплаенс міндеті кадр жұмысы немесе заңгер мамандарына жүктелген.


НҰРЖАН ТОЛЫБЕКОВ - ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ
Заңда әрбір мемлекеттік органға лауазымды тұлғаға жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау міндеттелген. Сондықтан осы комплаенс офицерлермен өздерінің мекемелерінде жемқорлық тәуекелдерін қалай анықтауға болады. Солардың алдын-алу, себеп-салдарды жою бағытында ұсынымдарды қалай қалыптастыру қает және олардың орындалуы қалай қамтамасыз етуге болатыны жайлы сөз қозғайтын боламыз. Біз уәкілетті орган болғандықтан комплаенс қызметкерлеріне тиісті үйлестіру жұмысын жүргізуге міндеттіміз.


Жалпы комплаенс қызметінің қоғамға пайдасы көп. Мәселен, 2024 жылы комплаенс офицердің көмегімен «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнында 27 жалған жұмысшыға заңсыз еңбекақы төлеудің жолы кесілген. Кәсіпорынның 3 есепшісіне қатаң сөгіс жарияланса, бас есепші жұмыстан қуылды. Артық төлемдер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіліп, келтірілген шығын толық өтелді.

Ермек Исабаев