Қазандықтардың ауаны ластауына қатысты шағым жиілеген. Қазіргі уақытта экологтар коммуналдық кәсіпорында тексеру жүргізуде. Семейдегі экологиялық жағдай жергілікті тұрғындар арасында үлкен алаңдаушылық туғызады. Мамандардың айтуынша, ластанудың негізгі көздері коммуналдық кәсіпорындар мен өндіріс орындары. Әр жылу беру маусымында семейліктер лас ауа туралы мәселені көтереді. Қалдықтарымен қоршаған ортаның экологиясына зиянын тигізетіндердің негізгілері қаланы жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар. Қазандықтар ауаны ластап, жыл сайын қыс кезінде қарды қара күйеге бояйды. Биыл да қазандықтарға қатысты шағымдардың саны артқан.
Оралхан Әуезбеков - Абай облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары
Қазіргі уақытта департамент бұл кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Тексеру нәтижелері бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады, өйткені Департамент атына тұрғындардан «Жылукоммунэнерго» қазандықтарынан ластаушы заттар шығарындыларына көптеген шағымдар келіп түседі.
Ауаны ластаушы кәсіпорындардың бірі жергілікті цемент зауыты. Оралхан Әуезбековтың айтуынша, биылғы жылы заводтағы қалдықтар рұқсат етілген мөлшерден артпаса да, цемент зауытындағы шығарындылар көлемі жылына 500 тоннадан асады.
Оралхан Әуезбеков - Абай облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары
Иә, біздің қаладағы цемент зауыты атмосфераға қалдықтар шығаратын ірі кәсіпорын. Биылғы жылы тексерулер жүргізілді және зертханалық тексеру қорытындысы заводтағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын көрсетті.
Семейдегі экологиялық жағдай заманауи технологияларды енгізуді талап етеді. Мамандардың пікірінше, әр қазандық пен кәсіпорын ауадағы зиянды заттардың деңгейін едәуір төмендететін тиімді сүзгілермен жабдықталуы керек.