Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барша жұрттың бір- біріне деген құрметінің орнығуына негіз болған күн. Бұл күнде атқарылатын игі істердің қатары көп. Республика деңгейінде басталған шаралар біздің қаламыздың мектептерінде де жалғасын тапты.

Қаламыздың мектептерінде көптеген іс-шаралар өтеді. Мәселен, 1 наурызға арналған ән- би челленджі, қайырымдылық акциялары, ашық сабақтар, қарттарға көмектесу сияқты түрлі іс- шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай шаралардан балалардың алар үлгі- өнегесі көп.

ДИЛЯРА ОМИРХАНОВА – №19 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы алғыс күнінің мақсаты оқушылар арасында бір- біріне деген достықты, құрметтеуге, Отаншылдыққа, бір- біріне деген ризашылықтарын білдіруге, өзге ұлт өкілдерінің арасында бірі- біріне деген қамқорлығы, ризашылығын білдіру мақсатында біздің мектепте әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
АЙЫМ КАБДРАХМАНОВА ОҚУШЫ
Сіздерді 1 наурыз- алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақыт, береке және татулық тілеймін. Әрқашан бір- бірлеріңіздің татулықтарыңызды бағалап, жылы сөздер айтып, татулықтарыңызды бағалап жүруді тілеймін. Мен үшін осы мереке татулықтың және адамдардың бір- біріне игілігін, мейірімін білдіретін мереке деп ойлаймын.

Өз Отанына, туған жеріне құрметпен қараудың тәрбиелік мәне зор. Осынау айтулы мерекеде оқушылар Отанына деген шексіз махаббаты мен алғыстарын жыр шумақтары арқылы жеткізді.

Оқушы үшін ұстаз- екінші ана. Білім мен тәрбие нәрін берген аяулы жандарға оқушылардың құрметі шексіз. Қолдарына қалам ұстатып, алғаш әріп танытып, мәнерлеп оқуға баулыған ұстаздарына «Алғыс айту» күні қарсаңында шәкірттері рахметтерін жаудырды.

Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезім адамның ізгі мінезінің белгісі. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айту керек. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылықты бойына сіңіріп, жүрегіне мейірімділік ұялайды.