Семейде «80 жыл аспан күзетінде- Жеңіске 80 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалы, «Прииртышье өлкетану қоғамы» және «Сібір казак қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.

Дөңгелек үстелге Абай облысы бойынша «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ филиалының ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Станислав Сәрсеков қатысты. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы әскери - әуе күштерінің әуе базасы-54835 әскери бөлімінің тарихы туралы баяндады. Әскери бөлімде талай жауынгер-авиаторлар қызмет еткен. Әуе базасында кәсіпқойлық, өз ісіне сүйіспеншілік, достық пен әскери серіктестіктің берік негізі қаланған.

Станислав Сәрсеков – «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ Абай облысы бойынша филиалы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Біз қызмет еткен 54835 ә/б өткен жылы өзінің 80 жылдығын атап өтті. Ол 1944 жылы 14 наурызда Моңғол Халық Республикасындағы Ундерхан қаласында құрылды. Моңғолияда орналасқан себебі , оған жақын жердегі Мончжури жапондықтар иелегінде болды. Әскенри бөлім 1945 жылдың 9 тамызда бірінші рет соғысқа аттанды. Алғашқы жауынгерлік ұшу да сол кезде болды. Жапониямен майдан 3 аптаға созылды. Осы уақыт ішінде біздің бөлімнің авиаторлары 116 рет ұшты.

Іс-шараның басты мақсаты-қазіргі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери дәстүрлерді сақтау, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан және бейбіт уақытта жауынгерлік тапсырманы орындаған Авиатор-жауынгерлерді еске алу. 54835 әскери бөлімінде қызмет атқарған отставкадағы аға прапорщик Виталий Яковлев те естеліктерімен бөлісті.

Виталий Яковлев- Қарулы күштер ардагері

Мен мұнда 1960 жылы 15 Маусымда келдім. Және реактивті қару-жарақ тобында қызмет еттім. Ол кезде Миг, Як 25 атыс қарулары болған. Бізде жауынгерлік кезекшілік болатын. Күндіз Миг, түнде де Як 25 қаруымен жүретінбіз. Уақыт өте келе біздің қару-жарақпен қамтылуымыз күшейе түсті.

54835 ә/б жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, мемлекеттің алға қойған міндетін абыроймен орындап келеді. Осы уақыт ішінде авиатор-жауынгерлер Отанымыздың аспанын күзетуде қырағылық танытуда. Дөңгелек үстелге қатысқан аға буын өкілдері жастар үшін жауынгер-авиаторлардың дәстүрін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Арайлым Әлиханова