Қытай кәсіпкерлері Абай облысына 2,5 млрд доллар инвестиция салады. Көрші елдің инвесторлары көлік-логистика, тау-кен, тұрғын үй құрылысы саласы сияқты бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Бұл бағытта екіжақты уағдаластық орнап, келісім де жасалды. Енді жуық арада ірі компания өкілдері Абай өңіріндегі жұмыстарын бастайды.