Семейде «Лэтс Форст Қазақстан – Аш ту арт ин Семей» халықаралық экологиялық көрмесі ашылды. Экспозиция Оңтүстік Корея мен Қазақстан суретшілерінің туындыларын тоғыстырып, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – орман өрттері мен табиғатты қалпына келтіру тақырыбына арналды. Халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың қолдауымен жүзеге асқан жоба қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігіне айналғандай.