Қытай компаниялары Абай облысында жалпы құны 4 млрд АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті. Жақында аймақ басшысы Берік Уәли бастаған делегация Қытай Халық Республикасына барған еді. Сапар барысында Абай облысы мен бірқатар Қытай компаниялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Толығырақ тілші тарқатады.