Жұмыспен қамту мақсатында өңірлерде Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс істейді. Олар түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Абай облысы бойынша 2024 жылы 23 мыңнан астам жұмыс орны құрылса, 2025 жылы 22 мыңнан артық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Еңбек мобильділігі арқылы жұмыс тапқан аспаз жайлы айтамыз.
Фарида Құсайынова 2023 жылы жұмыссыз қалды. Біраз уақыт өзіне кәсіп таба алмағандықтан Еңбек мобильділігі орталығына жүгінген. Орталық «Күміс жас» бағдарламасы бойынша мейрамханаға жұмысқа жолдады. Тағамды дәмді дайындай білетін ол еңбекке араласып, содан бері аспаздық жолда еңбек етіп келеді.
Фарида Құсайынова-Аспаз
2023 жылы жұмыссыз қалып, жұмыспен қамту орталығына келдім. Маған «Күміс жас» бағдарламасы бар екенін түсіндірді. Олар маған «Алина» кешенінде аспаз жұмысын ұсынды. Бұрын мен осы салада жұмыс істегендіктен жұмыстың мәнін білетінмін. Мен мұнда 2023 жылдан бері жұмыс істеймін.
Фарида Құсайынованың негізгі мамандығы есепші. Еңбек жолын 2001 жылы кассирліктен бастаған. Бірақ өзіне ас дайындау ұнайтындықтан 2003 аспаздыққа ауысқан. Тамақ жасауға бала кезден бейімі бар, анасынан үйренгені де көп. Қазір дәмді тамақ әзірлеп, адамдарды ризашылыққа бөлеп, алғыс алып жүр.
Фарида Құсайынова-Аспаз
Барлығы анамның арқасында деп ойлаймын. Ол бізге бала кезімізден тамақ дайындауды үйретті. Мен мұның бәрін анамнан үйрендім. Қандай қиындықтар болмасын біз оларды жеңуге тырысамыз. Әр жұмыс өзінше қиын. Аспаз болудың негізгі міндеті-адамдарды дәмді тағаммен тамақтандыру және тұтынушыларымызды қуанту. Барлық жерде жұмыс оңай емес.
Жұмыстан қол үзіп қалған тұрғындар Еңбек мобильділігі арқылы жұмысқа орналасып, өз кәсіптерін тауып кетеді. Фарида Құсайынова орталық арқылы жұмыс тауып, қазірде еңбегінің жемісін көріп отырған семейліктің бірі. Жыл ішінде мыңдаған адам түрлі бағдарлама бойынша еңбекке араласты.
Еркебұлан Тұрсын-Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығының директоры
2024 жылы 8333 адам бос жұмыс орындарына, 6389 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде яғни 3975 адам қоғамдық жұмысқа, 310 адамды әлеуметтік жұмыс орнына, «Жастар практикасына»- 777 адамды, «Алғашқы жұмыс орны» 291 адам, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы бойынша 16 адам жұмыс жасаса, «Күміс жас» жобасы аясында 1020 адам жұмыстарға жолданған болатын.
Өткен жылы 23 мыңнан аса адам жұмысқа орналасса, биыл облыс бойынша 22 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.