Семейде103 жастағы соғыс және еңбек ардагері тұрады. Әбдіғали Қаймолдин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды. Ғасыр жасаған қарт жауынгермен кездесуге облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдери қатысты.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Абыралы ауылында дүниеге келген. 1941 года жылы аудандық әскери комитетпен майданға шақырылды. 1-я Украинская және 3-я Беларусь соғысына қатысып Харьков, Каунас, Черняховск, Кенигсберг қалаларын азат ету шайқастарына қатысты.

Мұратқазы Алин- Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Әбдіғали Қаймолдин Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай, 1923 жылы мемлекет басшысының жарлығымен 1941-1945 жылдардығы Ұлы Отан соғысындағы жан қиарлық еңбегі үшін, соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттик және қоғамдық жұмыстарға белсенділигі үшін Халық қаһарманы атанып, охан алтын Жұлдыз ерекше белгісімен ордені табысталған болатын. Белоруссия мемлекеті

ҚР 9 адамға осындай Ұлы Отан соғысы жеңісіне 80 жылдығына или марапаттау жіберген болатын.

Әбдіғали Қаймолдин Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды. Ол соғыстан кейингі жылдары Семей облыстық атқару комитетаінде жұмыс истеді және ҰҚК еңбек еткен запастағы полковник. Ардагер Ленинские ордена, «Ерен еңбегі үшін», сондай-ақ «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.

Ахмет Мылтаев- Абай облысы бойынша ҚР ҰҚК департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы

Әбдіғали ағамыз соғыстқа басынан аяғына дейін қатысқан адам. Сталинград, 1 Украина, 1 Белоруссия, 3 Балтика майдандарында аянбай соғысқан адам. Соғыстан кейін партия органдарында қызмет жасады. Біздің ардагерлер кеңесінің белді мүшесі. Ең үлкен қариямыз, 104 толады. Аман болып ортамызда жсай берсін, бүгінгі марапаты құтты болсын.

Сонымен қатар, Әбдіғали Қаймолдин жауынгерлік еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», орден «Отан соғысы», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және «Германьяны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 20 жасында майдан даласына аттанып, жастық шағы оқ пен оттың арасында өткен ардагер Жеңістің 80 жылдығына жетіп отыр. Әбдіғали атамыз сияқты батырлардың ерен ерлігі жас ұрпақ үшін батылдық пен табандылықтың үлгісі болып қала бермек.

Арайлым Әлиханова