Қалада жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар Семейде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. Жиын жас ұрпақты патриоттыққа баулу мақсатында Жеңістің 80 жылдығына арналған. Толығырақ алдағы бейнематериалда

Шара аясында пікірталастар, тарихи экскурсиялар ұйымдастырылып, майданға қатысқан немесе тылда еңбек еткен ата-бабалар тағдыры мен өмірбаяны туралы жастарға баяндамалар оқылды. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтарға сұрапыл жылдардағы оқиғалар жөнінде толық ақпарат бере отырып, тарихымызды бұрмалап, қайта жазу әрекеттерінің алдын алу.

 Айдын Егеубаев- Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының төрағасы

 Мемлекет басшысы биылғы жылдың басында өзінің мақаласында айтқан болатын біз 80 жылдықты үлкен деңгейде атап өтуіміз керек. Бұл тек қана ардагерлерге ғана емес, олардың ұрпақтарына мемлекет тарапынан қолдау беріліп жатыр. Бұл Жеңістің 80 жылдығымен ғана шектеліп қалмау керек. Мемлекетімізде ұлттық идеология – Отан сүйгіштік.

 Қазақстан Халық партиясы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыптық іс-шаралар топтамасын ұйымдастырып отыр.Солардың бірі-ардагерлермен кездесу. Іс-шара ұрпақтар байланысын нығайту , аға ұрпақтың ерлігін дәріптеу, бейбіт өмірді бағалауға үндеуді көздейді.

Нұржан Тұрсынбеков «Жас орта» Жастар ұйымы төрағасының орынбасары

Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отыр. Қазақстан халық партиясына үлкен рақмет ұйымдастырып жатқандарына. Бұл шараға «Жас орта» жастар ұйымы да үлес қосты. Біз өзіміздің жастарымызды алып келдік өйткені бұл елімізді кезінде ата-бабаларымыздың қалай қорғағанын түсіндіру.

Біздің өңірден 106 мыңнан астам жерлесіміз өз еркімен майданға аттанған. Батырлардың есімдерін есте сақтау және әспеттеу - бұл жай ғана құрмет көрсету емес, бостандық пен бейбітшілікті бағалауға тәрбиелейтін тарихи оқиғамен терең байланыс.