Қазақстанның түрлі өңірінен келген азаматтар салтанатты түрде Отан алдында әскери ант қабылдады. Олар бір жыл жақындарынан жырақта болып, Қазақстан әскерінде абыроймен қызмет ететін болады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған 185 жас сарбаз Семей қаласының 5511 әскери бөлімінде салтанатты түрде Отан алдында адал болуға әскери ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімін әскери бөлімнің командирі, подполковник Әлібек Әскерұлы Исенов ашты. Жас сарбаздар Отанды қорғауға және командирлердің бұйрықтарын қатаң орындауға ант берді.

ОМАР ҚУАНЫШБАЕВ- 5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда, олар 1 ай көлемінде оқу орталығында дайындалып, оқып, әрі қарай негізгі бөлімшелерге барады. Ол жақта өздеріне белгіленген қоғамдық тәртіп сақтау бойынша, түзету мекемесін күзету бойынша міндеттерін атқарады. Қазір бізге келген жас сарбаздар 18 бен 22 жас аралығындағы азаматтар.

Енді мерзімді әскери қызметін өткерген қазақстандықтар бағдарлама бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Сарбаздарға мүмкіндіктер жасалуда.

НАЗАР ЖҰМАЗІР САРБАЗ
Мен Астана қаласынан келдім. Бүгінгі әскерге шақыруға біз жақсы дайындалдық. Әскерде қызмет етуді сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Көптеген адамдармен танысасың, әрқайсымыз әр жақтан келеміз , Қазақстанның әр қаласынан, облысынан, аудандардан келеді. Әскерде көп нәрсені үйренуге болады. Алдағы уақытта, әскерде үйренген заттарымызды күнделкті өмірде де қолдануға болады

Салтанатты іс-шараға жас сарбаздардың ата-аналары қатысып, балаларына тілектерін арнады.

Мен өте бақыттымын, осындай сарбаздарға, өзіне-өзі сеніп келгендеріне. Және ел аман, тыныш болсын. Аман есен отан алдындағы борышын өтеп, отандарына оралуға Алла нәсіп етсін
Өте қуаныштымыз, ұлымыздың азамат болып, ант қабылдау сәтіне келдік аман-есен. Мен Астанадан кеше Теміртауға келіп, Теміртаудан Қарағандыға келіп, Қарғандыдан Семейге келдік , өте қуаныштымын. Бақыттымын. Менің үлкен ұлымда Петропавл қаласында, ішкі әскерде қызмет етті. Өте жақсы. Мен ата-аналарға айтатыным балаларыңызды әскери бөлімге қызметке жіберіңіздер.

Биылғы жылы жергілікті әскери бөлім қатарын еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінен-Маңғыстау облысынан келген жас сарбаздар толықтырды.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА