Бұдан бөлек, Берік Уәли аудандағы құрылысы созылып кеткен әлеуметтік нысандарға барды. Мәселен, Қарашоқы шатқалында салынып жатқан балалар лагерінің құрылысы 2023 жылы басталғанымен, мердігердің жауапсыздығынан әлі аяқталмаған. Ал Көкбай ауылындағы «сақалды құрылысқа» айналған спорт модулінде бірнеше мердігер ауысқан. Облыс әкімі мәселенің мәнісін білді. Сосын, Кеңгірбай би ауылында жүргізіліп жатқан ауыз су құбыры жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.