Абай ауданында биыл 40-тан астам отбасы баспаналы болады. Олардың алғашқы легі қоныс тойын тойлап та жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли аудан орталығы Қарауыл ауылында 7 отбасына пәтер кілтін табыстап, қуаныштарымен ортақтасты. Айта кетейік, биыл Қарауыл, Қасқабұлақ және Саржал ауылдарында 40-тан астам пәтер пайдалануға беріледі. Демек, бұл қуаныш жыл бойына жалғасады.