Грецияда грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында Нұрдәулет Құмарұлы қоржынға күміс медаль салып, Абай елінің абыройын асырғанын сүйіншілеген едік. Балғын балуанды бапкерлері, боз кілемдегі қатарластары, білім алатын спорт колледжінің ұжымы теміржол бекетінен қошеметпен қарсы алды.
Ежелгі Эллада елінде, Афина төрінде төрткүл дүниенің балғын балуандары бас қосқан. Жаһанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдері бозкілемде жан алып, жан берісті. Абай облысының спортшысы Нұрдәулет Құмарұлы 48 келіде елдің намысын қорғаған. Қоржынға күміс салды.
НҰРДӘУЛЕТ ҚҰМАРҰЛЫ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
/// Финалға дейін үш белдесу. Бірінші схваткада әзірбайжанмен, екінші схватка америка, үшінші схватка жапондықпен ғой. Жартылай финалда жапондық балуанмен сол кішкене қиын болды. Қалғаны бәрі жақы. Салмақ көп қуып қойдық. Сол кішкене физикалық түрден жетпей қалды.
Финалдағы белдесуін меңзеп тұр, Нұрдәулет. Өзбекстандық қарсыласы қапы қалдырған. Жарыс көп, салмақ бір. Келесі кездескенде есе қайтар. Жас балуан бұған дейін де бірнеше ірі халықаралық жарыстарда топ жарған. Азия чемпионы атанған. Нұрдәулет қазір Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті.
СЕРІК ТОҚТАРҒАЗИН, ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ АЙМАҚТЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
/// Ол енді жаңғыз біздің еңбек емес. Ол ана Мұрат Амиров деген тренері өзінің. Оның да үлкен еңбегі. Жақсылық Үшкемпіровтің жолын қуғандай 48 килограмда 2-орын алды. Сол ағасының жолын беріп, үлкен азамат болуға мен өз басым, біздің мына колледж студентіне, Нұрдәулет Құмарұлына осындай тілек айтпақпын.
олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан оншақты жыл бұрын спорттағы дарынды балаларға арналып жатақхана салынған. Бұл алыстағы ауыл баласының спортпен айналысуына үлкен мүмкіндік туғызған еді. Нұрдәулет те осы жерде жаттыққан.
ҚАСЫМ ТАБУЛДИНОВ, ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ АТЫНДАҒЫ №1 ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
/// Интернаттың баласы. Өзі Аягөздікі ғой. Сол Аягөзден біздің интернатта дайындалып, сөйтіп жатып дайындалған балалар ғой. Мықты – мықтылар интернаттың балаларынан шығып жатыр ғой.
Айта кетейік, байрақты бәсеке 28 шілде мен 3 тамыз аралығында өтті. Нұрдәулет «спорт шебері» атағын да иеленді. Жас балуанның жанарынан от көрдік. Шаршамай, шалдықпай, бозкілемнен жалықпай жаттыға берсін дедік.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ