Бүгін «Адамның кейбір кездері» атты атаумен өтіп жатқан Абайдың 180 жылдық мерейтойының төртінші күні. Мерекелік шаралар аясында Бейбітшілік аралындағы этноауылда 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында садақ атудан жарыс ұйымдастырылды.

Спортшылар Абай облысы ауданындарынан жиналды. Қатысушылардың басым бөлігі тәжірибелі мергендер. Бұл спорт түрі өңірде енді ғана дамып келе жатқанына қарамастан, облыстық және республикалық жарыстарда жүлде алып үлгергендер аз емес.

ДУЛАТ ҚЫСАТАЙ, САДАҚ АТУДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бұнда 13 --- нысанасы бойынша... Бұл жерде --- болып саналады.

Дулат Қысатайдың айтуынша, садақ ату спортына қызығушылық артып келеді. Турнирге қатысуға тілек білдіргендер санынан осының аңғаруға болады. Көпшілігі садақ атумен 2–3 жылдан бері айналысады. Мергенге тән басты қасиеттер - зейін, дәлдік және ептілікті бойларына сіңіріп үлгерген.

ЕРСҰЛТАН ТӨЛЕГЕН, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Мен 14-темін. Бір жылдай болды садақ атып жүргеніме. Төзімділік, сабырлылық, садақ атқанда сабырлы болу керек.
ҮМІТКЕН САЛЫҚ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Островта көргенмін садақ атуды, үйретіп жатқанда хобби ретінде. Соған қызығып, залға атуға келдім. Содан құрбым екеуіміз ары қарай атып кеттік, кәсіби түрде.

Жарысқа 20-дан астам жас спортшы қатысты. Құралайды көзге атқан мергендер 17–23 тамыз аралығында Маңғыстау облысында өтетін чемпионатқа қатысуға жолдама алатын болады.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА