Ертең 1 тамызда көптен күткен ұлы той. Қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған онкүндік мереке басталады. Бейбітшілік аралында сағат 9:00-да этноауыл жұмысын бастайды. 10-нан астам киіз үй тігіліп, салт-дәстүр көрсетіледі. Көрмелер ұйымдастырылып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынылады. Этноауылда 10 күн бойы төл спорттан түрлі жарыстар өтеді. «Адамзаттың алыбы-Хәкім Абай» мерейтойы ертең сағат 17:00-де «Арена» кешенінде ашылады. Дайындық барысынан Арайлым Әлиханова баяндасын.

АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА-ТІЛШІ
Әннен шашу шашу үшін эстрада жұлдыздары Семейге жиналуда. 1 тамыз күні дәл осы жерде ұлы Абайдың тойы салтанатты түрде ашылады. Залда қазір Роза Рымбаева бастаған әншілер дайындық жүргізіп жатыр.
РОЗА РЫМБАЕВА-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Қадірменді қауым, құрметті жерлестер сіздерді ертең 17:00-де , яғни кешкі сағат 5-те Абай аренада болатын хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуына шақырамыз. Барлық кеш, барлық жыр, ән ұлы хәкімнің сөздері, әндері сіздерді асыға күтеді.
ТОЛҚЫН ЗАБИРОВА-ӘНШІ
Енді өзім ұлы Абай атамыздың 180 жылдығына байланысты үлкен шараға қатысқанымның өзі мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзім шығыстың қызымын, Аягөздікімін. Әрине бұл мереке мен үшін, жалпы бүкіл қазақ үшін, бүкіл қазақ елі үшін өте маңызды, өте тарихи мереке. Әрине енді бұндай мерекеде Абай атамыздың әндерін шырқаймыз.Үйдегі ортаншы ұлым музыкант Диар Бабаев, Диар екеуіміз осы саханаға шығып, халықтың көңілін жаулап аламыз деген ойдамыз, бізбен бірге, біз сияқты көңілге, ерекше бір сезімге түседі деген ойдамыз.

Сондай-ақ «Дана Абайдан – Бала Абайға» атты театрландырылған қойылым керемет кештің мазмұнын арттыра түсетін болады . Сахна төрінде хәкімнің бейнесін белгілі актер Болат Әбділманов сомдайды. Қойылым арқылы көрермен Абайдың рухани әлеміне, балалық шағынан даналыққа дейінгі жолына үңіле алады.

БОЛАТ ӘБДІЛМАНОВ-АКТЕР
Ұлы Абайды ойнау әр актердің арманы. Мен енді 30 жасымнан бастап ойнап келемін, қазір 65-мін. Спектакльндеде ойнадым, киносында да, өзім де «Абайдың жұмбағы» деген пьеса жаздым, оны да ойнап жүрмін, қара сөздерін барлығын жаздым. Сондықтанда енді Абайды тану, ол елді тану, қазақты тану. Сондықтын Абайдың даналық сөздерін тек қана қазақ емес, бүкіл әлем тыңдайды.

АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА-ТІЛШІ
Хәкім Абай тойының ашылу рәсімі 1 тамыз күні сағат 17:00-де Аренада өтеді. Кіру тегін. Елімізге танымал әншілер Семей сахнасында тоғысатын ұмытылмас әсерге толы кешке шақырамыз.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА