Абай тойы жақындап қалды. Қазірдің өзінде Семейде мерекенің рухын сезінуге болады. Қалада ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралармен бірге көз тартарлық безендіру жұмыстары қолға алынған. Қала көшелерінен оралған әріптесім Алина Әзбергенді тыңдайық.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА – ТІЛШІ
Абайдың 180 жылдығына санаулы күндер қалды. Ұлы ақынның мерейтойына орай Абай облысының орталығы Семей қаласы қызу дайындық үстінде. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай Абай кітапханасының алдында QR код арқылы кез келген қала тұрғыны мен қонақтары Абайдың 45 қара сөзін оңай ашып, оқып таныса алады. Бізде біреуін ашып көрейік.

Сонымен қатар Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында 10 күн бойы этноауыл жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда бұл аумақта тақырыптық безендіру және арнайы көрме нысандарын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері бейнеленген композициялар орнатылып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ. Абайдың көркем ойлары мен нақыл сөздері жазылған ерекше көрнекіліктер де дайындалып жатыр.

АЙБЕК ҒАПУОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Семей қаласы ғимараттарының қас беттерінде және түрлі алаңдарда, көше бойларында арнайы мүсіндер қойылған, тақырыптық мафтар қойылған. Сонымен қатар қала аумағында жалаушалар, лайтбокстар яғни тек күндізгі мезгілде ғана емес, күннің қараңғы мезгілінде де жарықтандырылып тұрылған мерекелік тақырыптық арнайы жалаушалар орнатылған. Қала бойынша тақырыптық баннерлар орнату жұмыстары басталып кетті.

Жанып тұратын лайтбокстар қаланың негізгі кіреберіс жолдарына орналастырылған. Атап айтқанда, Павлодар, Алматы, Өскемен бағыттарынан кіретін тұстар мен әуежайдан келетін жолдар бойына ілінуде. Сонымен қатар Бозтаев, Тұрлыханов, Абай көшелерінде, орталық алаңда және теміржол вокзалы маңында да лайтбокстар алыстан көз тартады. Жалпы, барлық маңызды орталық көшелер мен қала ішіндегі жолдарда, сондай-ақ қалаға кіре беріс жолдардан Абай тойының лебін аңғаруға болады. .

АЙБЕК ҒАПУОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Және бұның барлығы тек мереке күндері ғана емес, мереке өткеннен кейінде осы қалада өз орындарында яғни ұзақ мерзімде қалдырылатын болып жасалынуда. Сапасы жағынан, ауа райының қолайсыз тұстарынада шыдамды болу мақсатында ұазақ мерзімге арнап әзірлену үстінде. Барлық жұмыстарды 1-і күніне дейін. Яғни 10 күндіктің ашылуына дейін аяқталу жоспраланған.

Қала тұрғындарының да көңіл күйі ерекше. Абай есімімен аталатын облыс тұрғындары осындай тарихи сәттің куәсі болу зор мақтаныш екенін айтады. Мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне тілектес.

МЕЙРАМГҮЛ ШАКИРОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Абай атамыздың 180 жылдық мерей тойы құтты болсын. Абай елі көркейе берсін. Тек қана жақсылық болсын. Қазақ елімізді ұмытпасын, осындай біздің Абай атамыз бар. Неше түрлі қасиетті жерлер бар біздің Абайда. Тойымыз жақсы өтсін. Жан-жақтан шетелден келген елдер соны көрсін, білсін, ұмытпасын Абай атамызды.
БАЛЖАН КІШКЕНТАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Осы Абай облысында дүниеге келгенмін. Абай облысында дүниеге келгенімен өте қуанамын. Барлық жерлестерімізді Абайдың 180 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елімізде тек жақсылық болсын.
НҰРСҰЛУ КӘБЕНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Абайдың өлеңдерін білмейтін кісі жоқ. Өлеңдерінің біреуі «Айттым сәлем қаламқас» және «Желсіз түнде жарық ай» .............. (әнін орындайды)

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА – ТІЛШІ
Семейліктер бұл айтулы күнді ерекше ықыласпен, ұлттық рухты ұлықтай отырып қарсы алуға ниетті. Абай аманаты –ел аманаты. Бұл мерейтой – тек өткенге тағзым ғана емес, келер ұрпаққа рухани бағдар.


АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА