Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Игі бастамаға Бесқарағай ауданы да белсене қатысып, табиғатты тазартты. Бұл жолы еріктілер мен тұрғындар қасиетті «Святой ключ» бұлағына жиналды.
Бесқарағайлықтар бұл жолы «Інжу маржанымызды сақтайық» атауымен қасиетті «Святой ключ» бұлағының маңын қоқыстан тазартты. Сенбілікке 55-ке жуық адам мен 2 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасын білдіреді. Жыл басынан бері Бесқарағайда ұйымдастырылған 130-дан астам экологиялық шара аясында 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
ЖАН ӘЛЖАНОВ- БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жалпы Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған Таза Қазақстан бағдарламасы аясында осы күнге дейін 130-дан астам экологиялық акция өткізілді. Ол акциялардың қатарында Бесқарағай ауданының інжу маржаны саналатын Шипалы көлі, сонымен қатар Ақкөл мешіті, осы қасиетті кілттің аумағы, сондай-ақ , аудандағы саябақтар, ауыл көшелері, Семей орманы филиалдарының, әкімшілік отыратын ғимаратардың мағында осындай эколгиялық акциялар жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» тек бір реттік акция емес. Бұл қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған дағды. Сондықтан жастар, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер барлығы туған жердің тазалығы үшін жұмыла еңбек етуде.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА-ТІЛШІ
Тазалық шарасына жергілікті тұрғындар мен «Жасыл ел» сарбаздары белсене қатысып жатыр. Қолдарына қолғап пен қап ұстаған жұр бұлақтың айналасын қоқыстан тазартып, табиғатқа жанашырлық танытуда.
ЗУХРА ТЛЕУГОЖИНОВА-БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ
Бұл аталмыш экологиялық акцияға біз Бесқарағай ауданының жастары апта сайын шығуға және белсенді ат салысуға тырысамыз. Біз бұл акцияны қолдаймыз және барлық қазақстандықтарды, облыс тұрғындарын, жастарды осы аталған акцияға қатысып, елімізді Қазақстанымызды таза сақтауға шақырамын.
ШЫҢҒЫС АРМАН- «ЖАСЫЛ ЕЛ» САРБАЗЫ
Біз барлық жердегі сенбілікке қатысамыз. Қай жерді тазалау қажет екенін , яғни саябақтар, көшелер немесе қоқысы көп аумақтарды жинау керектігін бізге алдын ала айтады. Сол жерлерді тазалаймыз, таңертең гүл суарамыз. Ал кешке көшеге шығып, арам шөп жұламыз. Өзімізбен бірге қаптар, тырма, күрек алып, іске кірісеміз. Мен айтқым келетіні әркім тазалық сақтауы керек. Өйткені біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Бұл — біздің Қазақстанымыз. Тұрған жеріміздің таза болғаны маңызды.
«Святой ключ» деп алатын мекен табиғаттың тамаша сыйы. Қыста қатпайтын, жазда суалмайтын бұлақ суының қасиеті бар. Осы судың дәмін татуға алыс жерлерден арнайы келіп жатады. Бесқарағай жастары бұлақты мекенді аялауға үлес қосуда.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА