Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли таңғы 7-ден қаланы аралады. «Бейбітшілік» аралында орнатылып жатқан этно қалашық, сол жағалаудың айналма жолындағы жөндеу жұмыстарын көрді. Бұдан бөлек, «Силикат», «Казэлектромаш» ЖШС болып, кәсіпорындардың бүгінгі аяқ алысымен танысты.
Хәкім Абайдың 180 жылдығы қарсаңында «Бейбітшілік» аралындағы жұмыс қыза түскен. Қалалық әкімдік аралдағы этноауыл аумағында 12 киіз үйден тұратын ұлттық қалашықты орнатуда. Киіз үйлер электр жарығымен қамтамасыз етіліп, олардың әрқайсысында ұлттық тағамдардың мерекелік саудасы ұйымдастырылады. Сахна тақырыпқа сай ұлттық нақышта безендіріліп, түрлі мәдени-танымдық бағдарламаларға арналған алаң ретінде қызмет етеді. Этноауыл аумағында 7 жартылай киіз үй орнатылып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Бұл көрмелерде ұлттық қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар, тарихи деректер мен фотокөрмелер қойылады. Түрлі спорттық жарыстар да осы жерде өтеді.
АЙНАЛМА ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ
Қазір қаламыздың сол жағалауындағы айналма жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Жалпы көлемі 24 мың шаршы метр аумаққа асфальт төселуде. Мердігер жұмысты уақтылы әрі талапқа сай атқарып отыр. Төселген асфальттың сапасын жауапты мекеме күнделікті қадағалауда. Айналма жолдың салынғанына 26 жыл болғанын ескерсек, дәл осындай ауқымдағы жұмыс алғаш қолға алынып отыр.
БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мынадай күрделі жөндеу жүргізілмеген. Екі қабатпен салынды. 12 сантиметр. Сапасын ұлттық сапа қарап отыр. Жауап бересіздер. Бәрі жақсы ғой. 18 –ші жылдан бері асфальт жабындысы толыққанды осылай жасалмаған екен. Тұрғындарымыздың екі күннің ішінде той басталғанша түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Қонақтар келеді. Тезірек уақытыл бітіріңіздер.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ
Мұнан соң «Силикат» ЖШС -гіне барды. Зауыт 400-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ірі өндіріс орнының бүгінгі аяқ алысы жаман емес. Ақ, түрлі түсті силикат кірпіштері, шлакоблоктар, құрылыс әгі, құрылыс құмы сынды өнімдерді өндіреді. Зауытқа арнайы келген әкім жұмысшылармен де тілдесіп, олардың қал-жағдайын сұрасты.
ҚУАНЫШ ҚАСЕНОВ – «СИЛИКАТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біздің зауыттың өнімі сапасына байланысты жақсы болғандықтан. Қазіргі таңда «Ласка» фирмасының неміс технологиясы бойынша жасалған престерімен біздің өнім шығып жатыр. Біздің зауыттың күш қуаты жететіні 100 млн кірпіш данаға дейін шығарылады.
Кәсіпорын өндіріс қуатын арттырудың жаңа кезеңіне аяқ басқан. Егер осыдан бес жыл бұрын кірпіш өндірудің жылдық қуаты 25 млн данадан аспаса, қазір 50-ден 100 млн данаға дейін жеткізуге қауқары бар. Зауыттан шығарылған кірпішті өңірімізден бөлек көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары сатып алады.
БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Силикатный зауытының өнімдерін алу туралы. Егерде Силикатный зауытының өнімдерін алып салатын болса қосымша жұмыс орындары ашылады. Объем көбейеді ғой. Жұмыс орындары өзіміздің азаматтар. 21 млрд теңге салық төлеп отыр. Өзімізде қалады. Өзіміздің құрылыс компаниялары өзіміздің өнімді алып жұмыс жасаса, олардың да салығы бізде қалады. Айналып келгенде облыс ақшаны сыртқа шығармауымыз керек қой.
1995 жылы құрылған «Казэлектромаш» ЖШС жылдық қуаты 15 мың шақырымға дейін жетеді. Отандық шикізатты пайдалана отырып, энергетика, металлургия, көмір және қазба, мұнай-газ, машина жасау, құрылыс индустриясы, теміржол салаларына қажетті электр сымдары мен кабельдер шығаратын еліміздегі маңдайалды кәсіпорындар қатарына енеді.
ВИТАЛИЙ РАСПОПИН - «КАЗЭЛЕКТРОМАШ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі уақытта біз кернеуі 0,4-тен 35 мың Вольтқа дейінгі 2000-нан астам кабель өлшемдерінің маркерін шығарамыз, бұл орташа және төмен кернеулі арнайы кабельдер. Соның ішінде күн энергиясына арналған кабельдер және басқалары бар.
Бұл өндіріс орнында 200 адам еңбек етеді. Аймақ басшысы жергілікті өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың болатындығын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.