19-сәуірден 19-маусымға дейін Абай облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін күшейту басты назарда.
Жедел алдын алу басталғалы 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның 21 пайызы жол ережелерін өрескел бұзғандарға тиесілі. Ішімдік ішіп көлік жүргізген 121 жағдай тіркелді. Жалған мемлекеттік нөмір таққан 9 жүргізуші анықталды. Жүргізу құқығынан айрылса да 280-ге жуық азамат қайта көлік тізгіндепті. Бағдаршамға бағынбағандар көп енді. 558 жүргізуші қызыл түстен өткен.
Әсет Өтепов – Абай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы
Барлығы 285 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Өйткені, балалар жол қозғалысында айрықша назарда болуы керек. Баланың аты бәрібір бала ғой. Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері 303 білім беру мекемесінде жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша оқыту сабақтарын өткізді».
Жол жақсы болса, күре жолда тіркелетін оқиғалар да азаяды. Десе де, жол – көлік оқиғалары көбіне жүргізушілердің де немқұрайлығы, жол ережесін сақтамаудан болып жатыр. Жыл басынан бері 9 мыңнан аса түрлі деңгейдегі жолдың жайын қарапты, полиция. Кемшіліктерді жоюға полиция жол және коммуналдық қызметтерге нұсқамалар жіберген.
Бақытбек Сыдықбаев - Абай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары
«Абай облысының жолдары 10 555 шақырымды құрайды. Ол республикалық, облыстық, халықаралық маңызы бар жолдар. Іс-шара барысында әкімшілік полиция қызметкерлерімен тексеруден өтіп, 346 тексеру жасалып, 355 ұйғарым берілген болатын. Қазіргі кезде осы жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін 95 жол иелеріне әкімшілік заң бұзушылықпен құқықтық тәртіпке тартылды».
Жол – қателікті кешірмейді. Қалай болғанда да жүргізуші де, жүргінші де мұқият болғаны абзал. Ереже сақтау – полиция үшін ғана емес, өзіңіз үшін де маңызды екенін естен шығармаған жөн.
Ерзат Жанатұлы