Семей қаласында жас геологтардың II Республикалық дала олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бір апта бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жоғары сынып оқушыларынан құралған 15 команда нағыз геологтардың күнделікті жұмысында кездесетін пәндер бойынша өзара үздік атану үшін бақ сынасты.
Олимпиада Геологиялық барлау колледжі базасында өтіп, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Талдықорған және басқа да өңірлерден келген оқушыларды жинады. Қатысушылар палеонтология, минералогия, шлихтық байыту, геологиялық маршрут, қималар жасау және басқа да қолданбалы пәндер бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
ЖАНАТ ИСМАИЛОВА – «ЖАС ГЕОЛОГ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің қатысушыларға қазірдің өзінде жоғары оқу орындары қызығушылық танытып отыр. Кейбір ЖОО оқытушылары бізде қазылар алқасының құрамында жұмыс істеуде. Олар балалардың білім деңгейінің жоғары екенін атап өтуде. Мектепте оқып жүрген, олимпиадаға қатысып жатқан оқушылардың білімі кейбір студенттерден, тіпті университеттің 1-2 курс студенттерінен де жоғары екенін айтады.
Биыл олимпиада жер қойнауын пайдаланушы жетекші компаниялардың қолдауына ие болды. Олардың қатарында шараның бас серіктестерінің бірі — Solidcore Resources компаниясы да бар. Компания өкілдері қазылар алқасының құрамына кіріп, қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтті.
МӘДИ АХМЕТОВ – SOLIDCORE RESOURCES ИНЖЕНЕР-ГЕОЛОГЫ, ТӨРЕШІ
Бұл менің карьерамдағы ең алғашқы төрағалық, осындай республикалық олимпиаларда ең алғашқы төрағалық ету. +++ Төрағалық ету жағынан маған оқушылардың алғырлығы өте қатты ұнады, оқушылар өздерінің білімдерін жетіктендіріп, өздерін жақсы маман иесі болатынын көрсетті. Ол өте қуантады, солардың көздерінде тұрған от жалынды көріп Қазақстанның геологиялық отрасльдағы болашағынынң айқын екенін менің көзім жетіп отыр.
грамоталар мен арнайы сыйлықтар табысталды, ал үздік қатысушылар елдің жетекші ЖОО-лары — ҚБТУ, Сәтбаев атындағы университет және А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің гранттарына ие болды.
ЕРКЕНАЗ ОРАЗАЛЫ – «АЛЬТАИР» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ, 1-ОРЫН ИЕГЕРІ (АСТАНА)
Бүгін біз олимпиадада жеңіске жеттік, бұл бізді қатты қуантты. +++ Қазір мен бітіруші сыныпта оқимын және геология мамандығына түсуді жоспарлап жүрмін. Қазақстандық және шетелдік университеттерді қарастырып жатырмын. Осы Олимпиада мен тәжірибе менің геолог ретінде қалыптасуыма үлкен көмек береді.
Жүлдегерлер қатарында Қостанай, Талдықорған, Семей және Астана қалаларының оқушылары бар. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде Қазақстан Республикасының құрама командасына шақырту алды және 2026 жылы өтетін халықаралық олимпиадада ел намысын қорғайтын болады.
АРТЕМ ТРЕЩЕВ – «АСПАН» КОМАНДАСЫ, 2-ОРЫН ИЕГЕРІ
Олимпиада өте қызықты өтті. Оған бүкіл Қазақстан командалары қатысты десекте болады. Маған бәрі қатты ұнады. Басында бізге, «Аспан» командасына, өте қиын болды. Яғни, алғашқы кезде біз басқа командаларға жол беріп қойдық, бірақ соңында екінші орынға дейін көтеріліп, жақсы нәтиже көрсете алдық.
Олимпиада демеушілерінің бірі — Solidcore Resources компаниясы — мұндай іс-шаралардың жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен сала дамуы үшін маңызды рөл атқаратынына сенімді. Табиғи ресурстарды пайдаланушыларға өндірісті дамытуға үлес қоса алатын білікті кадрлар қажет. Компания олимпиада жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етті.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА