Семейде "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық байқауы және "Бір ауыл-бір өнім" жобасы аясында өңірлік көрме – жәрмеңке өтті. Оның ашылуына қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ұсынылған өнімдермен танысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараның ашылу салтанатында өңір басшысы Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, облыс кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

БЕРІК УӘЛИ –АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз әрқашан кәсіпкерлерді қолдауға дайынбыз. Қандай да бір мәселелер шығатын болса облыс әкімдігі көмек көрсетуге әзір.

Іс-шараның негізгі мақсаты-өңірдің шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау, жергілікті тауар өндірушілердің сапалы және бірегей өнімдерін танымал ету, сондай-ақ қазақстандық өнімді ілгерілету арқылы халықтың отандық тауарларға деген сенімін нығайту.

МАҚСАТ СҮЙШІНОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Соңғы 3 жылда Абай облысында кәсіпкерлік салада елеулі ілгерілеушілік байқалады. "Қазақстанның үздік тауары" және "бір ауыл-бір өнім" жобасы аясында өңірде дәстүрлі түрде өткізілетін көрме – байқаулар осының жарқын дәлелі. Бұл екі бастама бір-бірімен байланысты және ортақ мақсатқа жетуде бірін-бірі толықтырады. Бұл жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, отандық өнімге сұранысты арттыру және қарапайым адамның еңбегін бағалау деп білемін.

Көрме-жәрмеңкеге Абай облысының әртүрлі аудандарынан келген кәсіпкерлер қатысып, тамақ өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды, халық қолөнері бұйымдарын және басқа да өнім түрлерін ұсынды. Көрме қонақтары тауарларды көріп, өндірушілерден танысып, өздеріне ұнайтын өнімдерді сатып алды.

КИРИЛЛ ФРОЛОВ – «ADAL AS» TRADE САУДА КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ Біз ұлттық тағам өнімдерін, сондай-ақ диеталық тағамдарды шығарамыз. Балаларға бауырсақ өндіреміз, олар "Кириешалардың" орнын баса алады. Біз осындай көрмелерге жиі қатысамыз, компаниямыз бүкіл Қазақстан бойынша кеңінен танымал. Нарыққа шыққанына 15 жылдан астам уақыт болды. Осындай көрмелер үшін өте ризамыз, бұл қала кәсіпкерлеріне біздің тауарларымызды көрсетуге үлкен мүмкіндік.

Жәрмеңкелер жыл сайын өткізіледі және жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Биыл олардың саны 35-тен асты. Көрме-жәрмеңкені өткізу тәжірибе алмасуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және облыс кәсіпкерлері үшін тұтынушылық сұранысты зерделеуге арналған бірегей алаңға айналды.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА