Бүгін 19 мамыр Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер күні. Бұл күн 2010 жылдан бастап мерекеленеді. Халық саулығы үшін ақ халатты абзал жандардың атқарып отырған еңбегі орасан.


Жалпы тәжірибелік дәрігер науқасты жан-жақты қарап, алғашқы диагноз қоятын маман. Әртүрлі жастағы адамдарға медициналық көмек көрсететін әмбебап дәрігер. Аурудың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ету міндетін арқалаған маман иесі. 2 -ші емханадағы мамандармен тілдестік.


Айжан Азимбаева – Жалпы тәжірибелік дәрігер


Жалпы осы отбасылық дәрігер қызметінде биылғы жылы міне 13 жыл жұмыс атқарып келе жатырмын. Біздің жұмысымыз отбасылық дәрігер болғандықтан біз бұл жерде ата-аналарын және де балаларын, жалпы жаңа туылғаннан бастап, қарттарға дейінгі адамдарды біз қарап, емдеп, қызмет көрсетеміз. Біздің мына жанұялық дәрігерлердің ең бірініші жұмысы алдын алу жұмысы профилактикалық. Яғни ауруға дейін жеткізбеу.

Жалпы тәжірибелік дәрігер барлық отбасы мүшелерінің денсаулығын емдеумен және бақылаумен айналысады. Ол әртүрлі жастағы адамдарға – туғаннан бастап денсаулық мәселелерін шешуге көмектеседі. Мамандарға бағыттайды, ем-домының барысын бақылап отырады.


Альмира Канафиянова - Жалпы тәжірибелік дәрігер


Енді осы мекемеде жұмыс істеу мерзімім 12 жылдай болды. Біздің ең басты қызметіміз жаңа туған нәрестеден бастап, балалар біздің болашағымыз. Сол үшін кішкентай балапандарымыздың денсаулығын сақтау шараларын жүргізу, дерттерді алдын алу біздің ең басты қызметіміз. Келіп жеткен біздің кәсіби мейрамымыз. Жалпы тәжірибелі дәрігерлер мейрамына орай барлық әріптестерімді бүгінгі мейрамдарымен құттықтаймын.


Жалпы тәжірибелік дәрігерлер – бұл халық денсаулығының қорғаушылары. Олардың еңбегі – қоғамның саулығы мен өмір сапасының негізі. Сондықтан бұл күні оларға алғыс айтып, құрмет көрсету – өте орынды.