Қазір вип номерлерлерге сұраныс жоғары. Бірақ мемлекеттік тіркеуге бағалы нөмірлерді бергені үшін қосымша мемлекеттік баж салығы негізсіз талап етілген. Абай облысында 45-ке жуық адам осындай жағдайға тап болған.

Автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алған кезде тізімнен өзіңізге ұнайтын кез келген нөмірді таңдау мүмкіндігі бар. Бұл қарапайым нөмірлерді таңдағанда да ұсынылады. Алайда, 2023 жылдың соңында «әдемі» нөмірлер жасауға өтініш берген адамдар АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты 2024 жылдың басында нөмірлерді алу үшін мемлекеттік баж салығын төлеуі керек болған. Сондықтан тұрғындар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне шағымданған.

АРМАН СӘКЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Семей қаласының тұрғыны... айырмашлығын төлеуді сұраған

Белгілі болғандай 2024 жылы АЕК мөлшерінің ұлғаюы себебінен мемлекеттік бажды қосымша төлеу негізсіз екені анықталды. Тиісінше азаматтар вип нөмірлерді баж салығынсыз алды. Материалдық жағдайы бар және ерекшеленуді ұнататын адамдар өздеріне қымбат нөмірлерді ала алады.Бірақ оның бағасы да қарапайым нөмірлерден әлдеқайда қымбат. Өтініш берушілер 57-ден 285 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төлеп, «вип» нөмірлік белгіні сатып алады. Ал мемлекеттік баж салығы салық кодексінде өтінім берген кезде яғни нөмір берілгенге дейін төленеді.

АРМАН СӘКЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айырмашылық бұл жерде көрдіңіз бе неден шығып тұр. 2023 жылға МРП бір белгілі суммада болды. 2024 МРП көбейіп кетті. Бізде номерлердің бағасы қалай белгіленеді. Фиксирвоанный бір суммаға жазылып тұрмайды ғой мысалы. АЛ бір МРПға келіәп бекітілген. 57 МРП дейді,2023те ол осынша сумма ,24 те уже басқа сумма болады. СОның айырмашылығын төлеу керек болады. Бізде ең жоғары сұранысқа ие номерлердің бағасы , ең төмені 57 МРП, ең жоғарғы баға 285 МРП . 57МПР ға жүгінген адам нақты 57 мрпға сатып алған ол 200 мың теңгедей,2023 те төледі,2024 те қаңтар айында барып номерді алып кететін кезде МРП көбейіп кетті, тағы доплата жаса дейді мысалы

Қазіргі уақытта 1 млн. теңгеден астам қаражат негізсіз төленген. Оны қайтару мәселесі қаралуда. Белгілі болғандай, мемлекеттік бажды төлеу механизмі әлі толық реттелмеген.