Құрылыс саласының дамуы, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты. Соңғы жылдары қалада бұл сала қарқынды дамып келеді. Тұрғын үйлермен бірге әлеуметтік, білім өзге де ғимараттар бар.
Көпқабатты тұрғын үй құрылысы дамыған ауданның бірі Қарағайлы. Өткен жылы ондаған үйдің құрылысы басталып, бесеуі пайдалануға берілді. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер. Өңірлік коммуникациялар орталығындағы баспасөз мәслихаты осы тақырыпқа арналды.
РУСЛАН САҚТАҒАНОВ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Құрылыс бөлімі 2023 жылы Қарағайлы шағын ауданында 1703 пәтерге арналған 26 тұрғын үйдің құрылысын жүргізді, оның ішінде 5 үй 2023 жылы пайдалануға берілді. Жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша 72 пәтерлік 1 үй және отбасы Банкінің тұтынушыларына арналған несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 4 үй, 279 пәтер пайдалануға берілді.
Семей қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Руслан Сақтағанов атап өткендей, тұрғын үй секторында белсенді құрылыс жалғасуда. Мәселен, биылғы жылы Семейде көппәтерлі 13тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда.
РУСЛАН САҚТАҒАНОВ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қарағайлы шағын ауданындағы қалған 1352 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Оларды осы жылдың 2-3 тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Сондай- ақ Қарағайлы шағын ауданында биылғы жылдың 2 тоқсанында 712 пәтерге арналған 13 тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда.
Білім беру саласындағы түйіткілді мәселелердің қатарына мектеп санының жетіспеушілігі мен халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету де бар.
РУСЛАН САҚТАҒАНОВ СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Биыл Семей қаласында 3 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Ақсай кентінде 600, Шығыс кентінде 300 және Қарағайлы тұрғын ауданында 900 орындық мектеп салу жоспарда бар. Бұдан басқа, 2023 жылы қала әкімдігінің және "Қазминералс-Демеу" кооперативтік қорының келісімі бойынша Заря шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы басталды.
Сондай- ақ, қаламызда тағы бір көпсалалы кешен пайда болмақ. Оны «Локомотив» стадионының аумағында салу ойластырылуда.
ЖҰЛДЫЗАЙ МАРАТҚЫЗЫ