Электронды темекі бизнесімен айналысатындарға, оның түтініне құмартқандарға тықыр таянды. Әсіресе жастар жағы жаппай еліктеген шылымның саудасына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Арнайы заңды Мәжіліс депутаттары бір ауыздан мақұлдады.
ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
ІІМ қоғамдық орындарда кальянның қолданылмауына оны тұтыну заңдылығына тексеру жүргізуі қажет. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қолданылып жүрген кальянның құрамына сараптама жасап оның адамның денсаулығына тигізетін зияны бойынша қорытынды әзірлеуі тиіс. Кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды және оны бұзғандарға жауапкершілік көздейтін заң жобасын әзірлеуді сұраймыз.
Мәжіліс мінберінде көтерілген бұл тақырып қазіргі қоғам дерті. Өйткені көк түтінге құмартқан жастардың қатары күн сайын артып барады. Енді бұған заң жүзінде тыйым салынады. Депутаттардың айтуынша, вейп пен электронды темекінің ұлт саулығына келтіретін залалы кәдімгі темекіден асып түспесе, кем емес. Сондықтан оған болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін заңнамалық шаралармен қарсы тұру қажет. Бірақ оның да қауіпті тұстары болуы мүмкін.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Қауіпті жақтары бар. Яғни бұл бір қара нарыққа кетеді. Ертең басқа бір оның жолдары табылады. Ең басты біздің қазіргі бағытымыз ол балаларды осындай қатерден олардың денсаулығына зиян келтіретін осындай індеттен сақтау.
Сенат қарауына жіберілген құжатқа Мемлекет басшысы қол қойған соң қылмыстық жауапкершілік те көзделген. Яғни Енді электронды темекіні сатқан адам 50 тәулікке қамалады. Шекара асырып әкеліп, таратқандар – 2 жылға сотталады. Қылмыстық әрекет бірнеше рет қайталанса – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру көзделген.
Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазір бұны жастар емес, кішкентай оқушылар да шегіп жатыр. Бұл үлкен зиян. Адамдағы ең бірінші байлық ол оның денсаулығы. Сондықтан да денсаулықты күту керек. Оның маңызын білу керек. Ал жаңағы темекілердің барлығы сол денсаулыққа қауіп. Дұрыс шешім деп ойлаймын.
Адам ағзасына өте зиян ғой. Денсаулықты улайды ғой. Жалпы өзі некотин ғой құрамындағы, өте улы заттар көп.
Балалардың өімірін құртады, қаншама адамның денсаулығын құртады. Оның пайдасы жоққой. Не пайда? Темекіден пайда көрмей отырғанда электронный не керек. Кіп кішкентай балалар шегіп жүреді. Керек жоқ ол қарсымыз.
Электронды темекіге әуестік, балалардың арасында көбіне қызығушылықтан басталады. Дәмін бір көремін дегендер, темекі өнімінің тұтқынына айналуы мүмкін. Дәрігерлер балалардың табак өнімдеріне тым ерте әуестенуі, қауіпті деп дабыл қағуда. Электронды өнімнің зиянына біржақты баға беру мүмкін емес. Себебі оның құрамында химия бар.
ЮРИЙ КОЛЯКО НАРКОЛОГ ДӘРІГЕР
Электронды темекі қызған кезде ішіндегі сұйықтық кәдімгі темекі сияқты контрастты заттарды шығарады. Қарапайым темекі өсімдік тектес. Ал электронды темекілерде никотиннен бөлек әр түрлі хош иістер бар. Олар қызған кезде канцерогендерге айналады. Бұл қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін.
Электронды темекілердің барлық түрі адам ағзасына зиян. Бұл туралы дәрігерлер қанша дабыл қақса да көк түтінді бұрқыратып жүретін жастардың қатары аз емес. Енді жаңа заң қабылданса, электронды темекі бизнесі тоқтап, оның саудасына тыйым салынатын болады.
Рүстем Қайратұлы