Семейлік физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Нәубетов сабақта ерекше тәсіл қолданады. Заманауи мұғалім әлеуметтік желі, компьютер ойындары, комикс-сериалдарды пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып жүр. Жасқайрат Нәубетов 4 жылдан бері мектепте сабақ береді. Қызметке кіріскен уақыты пандемиямен тұспа-тұс келген. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілді қолданып жүр.
ЖАСҚАЙРАТ НӘУБЕТОВ - ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Ол уақытта балалардың барлығы онлайн оқыды. Оқушыларды сабаққа қызықтырудың жаңа әдістерін ойлап табу керек болды. Өтйкені оқушылардың барлығы үйінде. Сол кезде мен алғаш оларға видеомен эксперименттер жасап, немесе әртүрлі суреттер салып, қызықтыратын нәрселер жасауға тырыстым. Содан әрбір сабақтың астына цитата жазщып кетуді тапсырдым. Уақыт өте келе оларға түсіндірген сабақты оқушылар қайта маған сурет арқылы түсіндірсе деген ой келді.
Физиканы комикс арқылы түсіндіру шәкірттердің креативті ойлауын дамытады. Яғни, оқушы белгілі бір тақырыпқа байланысты сурет салу үшін ізденеді, шығармашылық жағынан жетіледі. 7, 9 – сынып оқушылары үшін «Тығыздық», «Ньютон заңдары», «Энергия сақталу заңы» тақырыптарындағы комикстертер өте қызықты.
АЛИЯР МҰРАТОВ - 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Физиканың кейбір күрделі заңдылықтарын ол белгілі бір макет жасау, зымыран ұшыру деген сияқты челлендж жарыстарды ұйымдастыру арқылы түсіндіреді. Мұғаліміміздің бұл әдіс тәсілі жәй қара сөзбен айтылған сабақтарға қарағанда бізге әлдеқайда түсініктірек. Әрі қызықты.
Жақында Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтті. Сайысқа әлемнің 16 елінен 85 команда, 400-ге жуық мұғалім қатысты. Осы жарыста семейлік жаңашыл ұстаз топ жарып, үшінші орынды иеленді.
ДӘУЛЕТ САТЫБАЛДИЕВ - «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұғалім қандай болса оқушыларыда сондай болады демекші, оқушылардың да облыстық республикалық пән олимпиадаларынан жүлделі орындар бар. Жалпы Жасқайрат ағайымызға тәлім-тәрбие жолында жетістер тілейміз.
Жас маман оқушылар арасында комикстер жарысын ұйымдастырғалы отыр. Осылайша Жасқайрат Нәубетов заманауи оқушылардың талғамына сай олардың қабілеттерін жаңа дағды арқылы дамытып, білім шыңын бағындыруға ықпал етуде.
Рүстем Қайратұлы