12 сәуір – Ғылым күні. Еліміздің ғылыми-зерттеу саласының өркендеуіне арналған атаулы күн Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, әрі алғашқы академигі — көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен орайластырылған. Бұл күн – ғылымның жарқын жұлдыздарын еске алар сәт. Еліміздің ғылымына үлкен үлес қосқан тұлғалар: Қаныш Сәтбаев – геология ғылымының негізін салған ғалым. Әлкей Марғұлан – тарихшы, археолог, Ахмет Байтұрсынов – ұлттық тіл білімінің негізін салушы, ғалым ағартушы. Ермахан Бекмаханов –қазақ хандығының тарихын зерттеген тарихшы ғалым. Семей тұрғындары осы тұлғаларды біледі ме екен, тілшіміз анықтап көрді.