Семей қаласында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. №53 білім шаңырағының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, Парламент Сенатының депутаттары, Парламент Мәжілісінің және Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Алма Шүкіжанова қатысты. Шығыс кентінің балалары енді еңселі де заманауи ғимаратта білім алады. Бұл – «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде бой көтерген Абай облысы бойынша бесінші мектеп. Оқу ордасының артықшылықтары мен ерекшеліктері қандай?