Семей қаласында кең көлемді тазалық науқаны бастау алды. Бұған дейін аймақ басшысы Берік Уәли тұрғындарды тазалыққа белсенді атсалысуға шақырып, бейнеүндеу жасаған еді. Тұрғындар өңір басшысының бастамасына кең қолдау көрсетті. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам тұрғын қатысып, көшелерді қыстан қалған қоқыстан тазартты.