«Қаладан ауылға» жобасы аясында Аягөз ауданының бірқатар елді мекендеріне 10 отбасы көшіп келді. Бұл жайлы аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаров айтты. Оның сөзінше, қазір Аягөздегі көші-қонда ілгерілеу бар. Қанатқақты жоба арқылы қоныс аударуға ниеттілер қатары күн санап артып келеді.