«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Семей қаласында сенбіліктер басталды. Қала тұрғындары қоршаған ортаны тазалап, аулаларын ретке келтіруге белсенді атсалысуда. Әсіресе, бұл іске зейнеткерлер үлгі болып, көршілердің басын біріктіріп, тұрақты сенбіліктер ұйымдастырып жүр.