Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде интернет-алаяқтыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Мамандардың сөзінше, цифрлық қызметтердің артуымен қатар киберқылмыстар саны да көбейіп келеді. Ведомство заңсыз контентті анықтап, бұғаттап қана қоймай, тұрғындарға интернет-алаяқтардан қорғану жолдары бойынша да кеңес береді.