Жаңа Су кодексінің қабылдануы су ресурстарын сақтау мен бақылауды күшейтудегі маңызды қадам болды. Негізгі өзгеріс – шағымға негізделген бақылаудан дербес қадағалауға көшу. Бұрын тек арыз-шағымдар негізінде тексеріс жүргізілсе, енді уәкілетті органдар заңбұзушылықтарды азаматтардың талабын күтпей-ақ, өздері анықтайды. Ертіс бассейндік инспекциясы қазірдің өзінде жаңа тәртіппен жұмыс істеп, өңірдегі су ресурстарын пайдалануға бақылауды күшейтіп отыр.