Жаңасемей ауданында жалпы құны 110 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жоспарланып отыр. Олардың қатарында ет өңдеу кешені, құс фабрикасы, жел электр станциясы және ағаш өңдеу кәсіпорнын салу бар. Бұл бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасына жаңа серпін бермек. Бұл туралы Жаңасемей ауданының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.