Абай облысында Отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бүгін Талдықорған қаласында әскери қызметін өтеген 15 жауынгер Семейге оралды. Оларды теміржол вокзалында ата-аналары, жақындары және қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері зор құрметпен қарсы алды.