Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы «Семей орманында» болып, Мемлекет басшысының ормандарды сақтау және қорғауда заманауи цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі және Абай өңірінің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен де танысты. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді. Сосын өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралады.