Абай облысында шомылу маусымы ресми түрде басталды. Бірақ соған қарамастан өңірдегі су айдындарында қайғылы оқиғалар тіркеліп те үлгерді. Құтқарушылардың айтуынша, су жағасында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау аса маңызды. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын елемей, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырады.