Абай облысы құрылғалы 4 жылдың ішінде өңірдегі республикалық жолдардың жағдайы 80 пайызға дейін жақсарды. Оған дейін 38 пайыз ғана болған. Абай елі отау тіккен соң «Омбы - Майқапшағай», «Талдықорған - Өскемен» жолдарындағы қайта жаңғырту аяқталды. Жылдар бойы жолаушылардың жүйкесін жұқартқан күре жолдар қазір тақтайдай тегіс. Бұдан бөлек, облыс аумағандағы бірқатар республикалық күре жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сөзімізге дәлел – былтыр өңірде 19 жоба жүзеге асты. Жолдың жайын Әріптесім Ерзат Жанатұлы сараптап көрді