Семейде алғаш рет «Абай әндері» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен өнерпаздар жиылып, ұлы ақынның шығармаларын орындады. Байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.