Абай облысында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні кең көлемде аталып өтті. Аймақта ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Мал шаруашылығында өсім болса, қайта өңдеу саласында жаңа зауыттар іске қосылып, техника паркі жаңартылуда. Бұл бағытта 15 млрд теңгеден астам субсидия және жеңілдетілген несиелер берілді. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесінде облыс әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, аймақтың ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қосымша мүмкіндіктер ашатын негізгі жобалардың бірі – Аягөз–Бақты теміржол желісінің құрылысы болмақ.