Маусымдық вирус өршіп тұр. Соңғы аптада елде жедел респираторлық вирустық инфекцияның 183 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Арасында А типті тұмау, «Гонконг тұмауы» да бар. Семейде күн сайын жедел медициналық қызметке 500-ге дейін қоңырау түседі. Ауырып жатқандардың басым көбі бала.